Астанада көлігін қалдырып, құтқарушыларға кедергі келтіргендер жауапқа тартылды

Астанада көлігін тұрғын үй кешендерінің бірінің алдына қалдырып кетіп, құтқарушылар жұмысына кедергі келтірген тұрғын жауапқа тартылды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады.
«Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде болған өрт кезінде жол ережесін бұзып қойылған көлік оқиға орнынан дереу алынды. Көлік жүргізушісі анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Азаматтардың қауіпсіздігіне қатер төндіретін және шұғыл қызметтердің жұмысына кедергі келтіретін заң бұзушылықтар қатаң түрде тоқтатылады», – деп жазылған полиция хабарламасында.
12 сәуірде Астананың Есіл ауданындағы 21 қабатты тұрғын үйде өрт шығып, үш бала қайтыс болды. Ал анасы құтқарылып, ауруханаға жатқызылды.
Кей тұрғындардың сөзінше, өрт сөндірушілер келген кезде аула жеке көліктер тұрған. Бірақ олардың бірі дұрыс қойылмағандықтан, құтқарушы көлігі бірден өрт болған жерге кіре алмай қалған.