Иранның бір де бір кемесі өтпейді: АҚШ Ормұз бұғазын бұғаттады

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
АҚШ-тың Авраам Линкольн авианосеці
фото: U.S. Navy/Handout via REUTERS

АҚШ 13 сәуірде кешке Ормұз бұғазын бұғаттады. Ақ үй маңызды мұнай жолынан Иранның бірде-бір кемесін өткізбейміз деп отыр.

CNN мәліметінше, қазір Таяу Шығыста АҚШ әскери теңіз күштерінің кем дегенде 15 әскери кемесі жүр. Дегенмен телеарна олардың қайсысы нақты қай жерде орналасқанын айта алмады. CNN осы мәліметті америкалық бір шенеуніктің сөзіне сүйене отырып таратты.

Бұғазға бақылау орнатқан кемелер Иран порттарынан бірде-бір кеменің шығуына жол бермейді.

Құрама Штаттардың Таяу Шығысқан кемелері:

Авианосец:

  • «Авраам Линкольн» әскери кемесі.

Эсминецтер:

  • USS Bainbridge
  • USS Thomas Hudner
  • USS Frank E. Petersen Jr.
  • USS Delbert D. Black
  • USS John Finn
  • USS Майкл Мерфи
  • USS Mitscher
  • USS Pinckney
  • USS Rafael Peralta
  • USS Spruance
  • USS Milius

Триполи шұғыл әрекет етуші десант тобы:

  • USS Tripoli
  • USS New Orleans
  • USS Rushmore

Телеарна мәліметінше, оларға тағы бірнеше әскери кеме қосылуы мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, өткен демалыс күндері АҚШ пен Иранның Исламабад қаласындағы келіссөздері сәтсіз аяқталған. Артынша АҚ үй басшысы Дональд Трамп Ормұз бұғазын бұғаттайтынын мәлімдеген. Маңызды мұнай жолы жабылуына байланысты әлем нарығында шикізат бағасы қайтадан қымбаттап жатыр. Мамандар Brent-тің 1 баррелінің құны 150 долларға дейін көтерілуі мүмкін деп болжайды.

Сондай-ақ оқыңыз