15 сәуірде телеарналар мен радио уақытша жұмыс істемейді
Жарияланды

«Қазтелерадио» компаниясы 15 сәуірге жоспарланған профилактикалық жұмысқа байланысты көрермендер мен радиотыңдаушыларға ескерту жасады.
Сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін спутниктік, цифрлық және балама желілердегі техникалық құралдар уақытша қызмет көрсетпейді. Осы уақыт аралығында бүкіл ел бойынша теле-радиоарналардың көрсетілімі мен хабар таратуы тоқтатылады.
Бұл жұмыс хабар тарату сапасын жақсарту үшін жүргізіледі.
Еске сала кетейік, Қазақстанда теледидар мен радио соңғы рет ақпан айында жоспарлы профилактикалық жұмыстарға байланысты өшірілген еді.