Трамп өзін Иса пайғамбарға ұқсатқан суретіне қатысты түсініктеме берді

Дональд Трамптың өзін Иса пайғамбар ретінде бейнелеген суреті діни топтар тарапынан қатты сынға ұшырады. Кейін ол суретін желіден өшіріп тастап, оған қатысты түсініктеме берді.
Трамп бұл суретті өзінің «Truth Social» желісінде жариялаған болатын. Ол мұнымен өзін «дәрігер» ретінде көрсеткісі келгенін айтады.
Star Advertiser жазуынша, оқиға Трамп пен Рим Папасының арасындағы текетірес аясында болған. Рим папасы Америка мен Израильдің Иранға қарсы соғысын сынаған еді.
Трамп суреттегі бейнесін Иса пайғамбарға ұқсатты деген сөздерді жоққа шығарып, мұны «жалған ақпарат» деп атады.
Мен дәрігер сияқты адамдардың сауығуына көмектесуім керек және шын мәнінде де көмектесіп жүрмін, – деді Дональд Трамп Ақ үй журналистеріне берген сұхбатында.
Cуретте оның аурухана төсегінде жатқан адамға қолын тигізгені бейнеленген. Онда оның алақандарынан жарық нұры шашылып тұр.

Бұған дейін, Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде Рим Папасы Лев XIV-ті сынға алған. Оны «қылмыспен күресте әлсіз» және «сыртқы саясатта өте нашар» деп атады.
Трамптың айтуынша, Рим Папасы Лев XIV-тің Иранның ядролық қаруға ие болуын қалыпты жағдай деп санағанын қаламайды. Сондай-ақ АҚШ-тың Венесуэлаға қарсы әрекеттерін сынға алуымен келіспейді. Ол президент ретінде міндетін орындап жатқанын айтып, Рим папасы оны сынамауы керек екенін жеткізді.