Air Astana мен FlyArystan бұрмаланған мәлімет бергені үшін айыппұл төлейді
Жарияланды

Қазақстандағы ірі әуе компаниялары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті хабарлады.
ҚР Көлік министрлігі авиаотынмен қамтамасыз ету мәселелерін тексеру барысында «Air Astana» және «FlyArystan» АҚ-ның отын көлеміне қатысты бұрмаланған мәліметтер ұсынғаны анықталған.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес, аталған әуе компанияларға әкімшілік шара қолданылып, 100 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Азаматтық авиация комитеті саланың ашықтығын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жалғастыратынын жеткізді.
2025 жылы желтоқсанда отын бағасын негізсіз көтергені үшін Қостанай мен Қызылорда әуежайына айыппұл салынған еді.