Үш бала қаза тапқан жағдайға құрылыс компаниясы жауапты – депутат

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
В Центре экспертизы лекарств ответили на обвинения Базарбека о млрд хищениях
Бақытжан Базарбек қаладағы құрылыс туралы айтты/фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Астанада үш бала қайтыс болған жағдайға пікір білдірді. Сөзінше, құрылыс талаптарын күшейту қажет.

«Бір үйде бір-екі көліктен болады деп есептейік. Ол көліктерді қоятын жер керек. Бірі паркингке қояды, бірі аулаға қояды. Аулаға қойса, арнайы техника кіре алмай қалады. Өрт сөндіру талаптарын күшейтуіміз керек», – дейді Базарбек.

Айтуынша, құрылыс талаптары 2026 жылдың 1 шілдесінде күшіне енетін Құрылыс кодексінде көрсетілген.

«Жаңа Құрылыс кодексінде құрылыс материалдарының сапасына, кепілдік мерзімдеріне қатысты қатаң талаптар енгізілген. Астанада балалар қаза тапқан қайғылы жағдайға құрылыс компаниясы жауапты», – дейді депутат.

Бақытжан Базарбек осы жағдай бойынша тексеріске бастамашы болуды жоспарлап отыр.

«Бас прокуратураға материалдар жолдауға дайынмын. Кепілдік мерзімі өткен-өтпегенін және жалпы құрылыс компаниясын тексеруі керек», – дейді ол.

2026 жылдың 12 сәуірінде Астананың Есіл ауданындағы 21 қабатты тұрғын үйде өрт шығып, үш бала қайтыс болды

Сондай-ақ оқыңыз