Жол қауіпсіздігін бақылау күшейтілді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
фото: KursivMedia мұрағаты
фото: KursivMedia мұрағаты

Ішкі істер министрлігі жол қауіпсіздігін бақылауды күшейтті. Жолдағы цифрлық бақылау автоматты режимде іске асады.

Цифрландыру аясында интеграцияланған ақпараттық жүйелер мен мемлекеттік деректер базаларын пайдалану арқылы жолдағы бірқатар құқық бұзушылықты анықтау жүзеге асырылмақ.

Әкімшілік құқық бұзуға не жатады

ІІМ ақпаратына қарағанда, бүгінде бұл жұмыс жүйелі түрде күшейтіп келеді. Мақсат – жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол жүрісіне қатысушылардың барлығы үшін тең жағдай қалыптастыру.

«Сақтандыру полисінің болмауы, сондай-ақ міндетті техникалық байқаудан өтпеу – әкімшілік құқық бұзушылық санатына жатады», – делінген хабарламада.

База арқылы қанша жүргізуші жазаға тартылды

Қазіргі таңда мемлекеттік деректер базалары республика бойынша әкімшілік өндірістердің біріңғай тізілімі жүйесімен интеграцияланған. Соның мәліметтерін пайдалану арқылы сақтандыру полисі жоқ 5 мыңнан астам дерек анықталып отыр. Ал техникалық байқаудан өтпеген 5,5 мыңнан астам көлік иесіне айыппұл салынады. Қауіпсіздік белдігін тақпауға байланысты шамамен 700 құқық бұзушылық тіркелген. Сондай-ақ көлік жүргізу кезінде телефон қолданудың 6 жағдайы анықталды.

«Мақсат – азаматтардың өмірін қорғау»

«Жолда жүру қағидалары сақталған жағдайда ешқандай айыппұл санкциялары қолданылмайды. Бұл жүйе жазалау үшін емес, құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында енгізілген. Азаматтарды заңнама талаптарына жауапкершілікпен қарауға шақырамыз», – деп хабарлайды министрлік.

Мұның алдында ІІМ 2026 жылдың алғашқы қорытындысын жариялаған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз