Құлыбаевқа тиесілі жылжымайтын мүлік қоры басшысына 27 млн теңге сыйақы төлеген
Жарияланды

«Жайык Инвест Девелопмент» жылжымайтын мүлік қоры басшысына 2025 жылғы жұмысы үшін 27,4 млн теңге төлеген. Бұл туралы қаржы есептілігі депозитарийіндегі ақпаратта жазылған.
Ресми мәлімет бойынша, компанияны 2023 жылдың басынан бері Жандос Төлеуов басқарып келеді. Ол компанияның Президенті ретінде барлық маңызды шаруға жауапты.
Kompra дерегі бойынша, компанияның екі құрылтайшысы бар. біріншісі «Маскар» ЖШС арқылы иелік ететін Серік Қырымов болса, екіншісі – Mercury Properties компаниясы арқылы иелік ететін Құлыбаевтар отбасы.
Жылжымайтын мүлікті жалға берумен айналысатын компания 2025 жылы Құлыбаевтарға 465,8 млн теңге, ал Қырымовқа 214,2 млн теңге дивиденд төлеген.