Ерекше балалардың анасына тіл тигізген блогер төбелесіп, тағы дауға қалды (видео)

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Серикжан Ковланбаев
коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Серикжан Ковланбаев

Қостанайда ерекше балалардың ата-аналарына тіл тигізген Гүлнәр Оразалина бір әйелмен жұлысып, тағы да көзге түсті. Төбелестің видеосы әлеуметтік желілер арқылы лезде тарады. Бұл оқиға жайында KursivMedia-ға жергілікті полиция түсініктеме берді.

«15 сәуірде «102» пультіне Қостанай қаласында төбелес болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері барлық қатысушыны ұстап, полиция бөліміне жеткізді», – делінген хабарламада.

Полиция мәліметінше, екі қыз арасындағы жанжал әлеуметтік желідегі тікелей эфир кезінде басталған. Олар жеке кездесуге келіп, арты төбелеске ұласқан.

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу нәтижелері бойынша әрбір қатысушының әрекетіне қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқықтық баға беріліп, процессуалдық шешім қабылданады», – делінген хабарламада.

Полиция даулы жағдайларды тек құқықтық жолмен шешу қажет екенін ескертті.  

Еске салайық, бір жыл бұрын Гүлнәр Оразалина «ауру балаларды жүргіш ата-аналар туады» деген пікір айтып, көптің наразылығына ұшырады. Сол кезде полиция «ұсақ бұзақылық» бабы бойынша іс қозғаған еді.

Сондай-ақ оқыңыз