«ҚазТрансОйл» 45 млрд теңге дивиденд төлемек

Жарияланды
Businness news бөлімінің тілшісі
«ҚазТрансОйл» 45 млрд  дивиденд төлейді
«ҚазТрансОйл» 45 млрд дивиденд төлейді/фото: kursiv.kz

«ҚазТрансОйл» компаниясы 2025 жылы тапқан 56,6 млрд теңге таза пайдасының 45,4 млрд теңгесін дивиденд ретінде төлемек. Компания директорлар кеңесінің ұсынысы қор биржасында жолданған хабарламада жазылған.

Ал таза пайданың қалған 11,2 млрд теңгесі бөліске салынбай, компанияның өзінде қалып, өндірістік қажеттілік пен даму жобаларын жұмсалмақ.

Компания былтыр таза пайдасын арттырып, 2024 жылғы 39,8 млрд теңгеден 56,6 млрд теңгеге жеткізген еді.

Компанияның әр акция үшін төленетін дивиденд 118 теңгені құрайды. Енді бұл ұсыныс акционерлердің жалпы жиналысына шығарып, ресми түрде бекітілуі керек.

Айта кетейік, ҚазТрансОйл компаниясының 90%-ы ҚазМұнайГаз Ұлттық компаниясына тиесілі. Қалған 10%-ы жеке инвесторлар мен халықтың қолында.

Жалпы, ҚТО бірінші тоқсанда «Атасу–Алашанькоу» (Қытай) магистральдық мұнай құбыры арқылы барлығы 2,85 миллион тонна Ресей және Қазақстан мұнайын өткізді, оның ішінде 345 мың тоннасы отандық өндірушілерге тиесілі.

Сондай-ақ оқыңыз