Алматыда «Сұңқар» трамплинінде терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
Алматыда «Сұңқар» трамплинінде терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді / Фото: ortcom.kz

Алматыда 17 сәуірде «Сұңқар» шаңғы трамплиндері кешенінің аумағында жоспарлы терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өтеді, деп хабарлады Алматы қалалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы.

Оқу-жаттығу шаралары сағат 08:00-ден 12:00-ге дейін Қаппаров көшесі, 167 мекенжайы бойынша өтеді. Жаттығу барысында адамдар көп жиналатын нысандардағы әртүрлі сценарийлер кезіндегі жедел қызметтердің іс-қимылдарын пысықтау жоспарланған.

Қала тұрғындарынан қауіпсіздік шараларын сақтауды, мемлекеттік орган қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды, сондай-ақ6 ресми ақпарат көздеріне сүйенуді және сенімсіз мәліметтерді таратпауды сұрайды.

Хабарламада6 сондай-ақ6 Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 443-бабына сәйкес, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететін тұлғалардың заңды талаптарына бағынбау әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатыны ескертілді.

Сондай-ақ оқыңыз