Маңғыстауда мұғалім оқушымен жыныстық қатынасқа түсті деген күдікке ілінді
Жарияланды

Маңғыстау облысында мұғалім оқушы қызбен жыныстық қатынасқа түсті деген күдікпен ұсталды.
Информбюро 31 ақпаратына қарағанда, 39 жастағы педагог полиция бөлімшесіне жеткізіліп, тергеуге алынған.
Істің егжей-тегжейі қазір анықталып жатыр.
Күдікті Мұнайлы ауданындағы №12 мектептің технология пәнінен сабақ берген. Осы жерде сегіз жылдан бері жұмыс істеген. Ақпаратқа қарғанда, ол отбасылы, төрт баласы бар.
Жәбірленуші тоғызыншы сыныпта оқиды. Полицияға арызды қыздың өгей әкесі жазған екен. Әріптестері мұғалімнің мұндай қадамға барғанына сенбей отыр.
Ал Астанада бір мұғалім оқушыны ұрғаны үшін жұмыстан шығарылған болатын.