Қытай мамыр мерекелері қарсаңында әуе рейстерін тоқтатып жатыр

Мамыр айындағы мерекелердің қарсаңында Қытайда ұшақ рейстері жаппай тоқтатылып жатыр. Бұған Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуы, мен мұнай бағасының барреліне 104 доллардан асып кетуі себеп. Салдарынана әуе отын бағасы күрт қымбаттап кеткен. Бұл туралы China Daily басылымы жазады.
Қай бағыттар жабылып жатыр?
Air China, China Southern және AirAsia сияқты ірі тасымалдаушылар халық көп баратын Бангкок, Пхукет және Куала-Лумпур сияқты туристік бағыттарға рейстерді тоқтатты.
Әсіресе, Океанияға баратын алыс рейстердің жартысынан көбі (50%-дан астамы) тоқтады. Сәуір айында басталған бұл шектеулер кем дегенде мамыр айының соңына дейін жалғасуы мүмкін.
Әуе компанияларының бүкіл шығынының 40%-ы тек жанармайға жұмсалады. Отын бағасы шарықтап кеткендіктен, ұшақтарды бұрынғы кестемен ұшыру компанияларға үлкен шығын әкеледі.
Сонымен қатар, АҚШ Иран порттарына блокада жариялап, халықаралық келіссөз нәтиже бермегендіктен, мұнай бағасы әлі де тұрақсыз болып тұр.
Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының ескертуінше, тіпті жағдай ертең түзелген күннің өзінде, жанармай жеткізу мен ұшу кестесін қалпына келтіру үшін кемінде бірнеше ай уақыт керек. Сондықтан алдағы уақытта билет бағасы қымбаттап, рейстер жиілігі 20%-ға қысқаруы мүмкін.
FlyArystan әуекомпаниясы 29 тамызға дейін Ақтау – Дубай – Ақтау бағытындағы рейстерін тоқтатқанын жазған едік. Рейстердің тоқтатылуына Таяу Шығыстағы тұрақсыздық себеп болып тұр.