Алматыда арыстанға тас лақтырған жігіт сотталды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
фото: Polisia.kz
фото: Polisia.kz

Алматы зообағында арыстанға тас лақтырған жігіт анықталып, жауапкершілікке тартылды.

Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

«Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында Алматы зообағы аумағында қоғамдық тәртіптің бұзылуына қатысты бейнематериал анықталды. Аталған бейнежазбада жас жігіттің арыстан қамалған вольерге қарай тасқа ұқсас затты лақтырғанын байқауға болады», – делінген мәліметте.

Полиция бұл әрекетті «қоғамдық тәртіпті және қоғамдық орында өзін ұстау қағидаларын өрескел бұзу» деп есептейді.

«Жүргізілген жедел іс-шаралар нәтижесінде құқық бұзушының жеке басы анықталып, ол мән-жайды анықтау үшін полиция бөліміне жеткізілді. Осы дерек бойынша оған қатысты ұсақ бұзақылық фактісімен әкімшілік іс қозғалды», – делінген полиция ақпаратында.

Істі Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты қарап, азаматты кінәлі деп танылып, жауапқа тартылған.

Ал Семейде арыстандарды таспен ұрған ұрған жігіт ізделіп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз