Brent және WTI маркалы мұнай бағасы күрт төмендеді

Жарияланды 17 Сәуір 2026 19:06

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Ормұз бұғазы ашылды / фото: gemini generated

Ормұз бұғазының ашылуы туралы жаңалыққа байланысты нарық шұғыл реакция білдірді. 17 сәуір Астана уақытымен 18:51 де WTI Crude бағасы $84.78-ге дейін (-10.47%), ал Brent Crude $89.69-ға дейін (-9.76%) төмендеді. Мұнай өнімдеріне де қысым артып, бензин бағасы 6.62%-ға, жылыту мазуты 13.40%-ға арзандады. Еске сала кетейік, Ливандағы бітімгершілік кезінде Ормұз бұғазы барлық коммерциялық кемелер үшін ашық болады. Бұл туралы Иранның Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи мәлімдеген болатын.

Брент маркалы мұнай бағасы / фото: Oilprice

Тәуекел сыйлықақысының жойылуы

Иранның «Ормұз бұғазы арқылы барлық коммерциялық кемелердің өтуі толық ашық» деген мәлімдемесі нарықтағы тәуекел сыйлықақысын (risk premium) тез арада төмендетті. Бұл геосаяси шиеленістің бәсеңдеуіне байланысты трейдерлердің мұнайдан құтыла бастағанын көрсетеді.

Физикалық нарық пен фьючерстер арасындағы алшақтық

Дегенмен, физикалық нарық мұндай ауқымды төмендеуді растап отырған жоқ: бірқатар мұнай сорттары, соның ішінде WTI Midland 4.5%-ға, Western Canadian Select 4.01%-ға өсті. Қазақстандық CPC Blend (КТК) бағасы $114, ал Azeri Light $118-ден жоғары болып тұр. Африка мен Таяу Шығыс сорттары да өсу үрдісін сақтауда.

Сондай-ақ оқыңыз