Қазақстандықтардың шетелде 10 мыңнан аса жылжымайтын мүлік сатып алған

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Фото: shutterstock.

Қазақстандықтардың шетелдегі активтері туралы тың дерек белгілі болды. Мемлекеттік кірістер комитетінің LS редакциясына берген мәліметіне сүйенсек, отандастарымыз өзге мемлекеттерде 10 мыңға жуық жылжымайтын мүлік нысанын декларациялаған. Бұл көрсеткіштер 2024 жылдың қорытындысы бойынша тапсырылған 250.00 және 270.00 нысандағы декларациялар негізінде жасақталған.

Жылжымайтын мүлік: Ресей мен Түркия көш бастап тұр

Статистикаға сәйкес, қазақстандықтардың меншігінде шетелде жалпы саны 9 968 жылжымайтын мүлік нысаны тіркелген. Географиялық тұрғыдан алғанда, отандастарымыздың таңдауы келесі елдерге түскен:

  • Ресей – 5 493 нысан;
  • Түркия – 794 нысан;
  • Испания – 458 нысан.

Сонымен қатар, қазақстандықтар өзге елдердегі құрылыс нысандарына үлескер ретінде қатысуға да белсенді. Декларацияларда мұндай 991 нысан көрсетілген.

Құрылыс саласына салынған инвестициялар бойынша да Ресей (213 үлес), Біріккен Араб Әмірліктері (122 үлес) және Түркия (76 үлес) алғашқы үштікті құрап отыр.

АҚШ пен БАӘ: шетелде 2 мыңға жуық көлік бар

Тек қана баспана емес, сонымен қатар шекара асып көлік мінген отандастарымыздың да саны аз емес. Ресми есеп бойынша, Қазақстаннан тыс жерлерде 1 937 көлік құралы тіркелген. Бұл санатта Ресейден бөлек, мұхиттың арғы жағы мен Парсы шығанағы елдерінің үлесі жоғары:

  • Ресей – 598 автокөлік;
  • АҚШ – 161 автокөлік;
  • БАӘ – 115 автокөлік.

Экс-шенеуніктердің Дубайдағы қымбат виллаларына қатысты бірде-бір іс қозғалмағаны хабарланған.

Сондай-ақ оқыңыз