Елена Рыбакина Штутгартта өтіп жатқан турнирде жартылай финалға шықты

Жарияланды 18 Сәуір 2026 11:45

Үмітжан Бакелекова

Үмітжан Бакелекова

Business News бөлімінің редакторы u.bakelekova@kursiv.media
Елена Рыбакина жартылай финалға шықты / Фото: kursiv.media

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Штутгартта өтіп жатқан «Porsche Grand Prix-2026» турнирінде жартылай финалға жолдама алды. Ширек финалда канадалық Лейла Фернандеске қарсы шықты.

Үш сағатқа созылған тартысты кездесу 6:7, 6:4, 7:6 есебімен отандасымыздың пайдасына аяқталды.

Ойын барысында Рыбакина екі бірдей матчболды қайтарып қана қоймай, шешуші тай-брейкте жеңісті жұлып алды.

Енді жартылай финалда Еленаны үлкен сынақ күтіп тұр. Ол 18 сәуірде турнирдің басты фавориті Ига Свентекті жарыс жолынан шығарған ресейлік Мирра Андреевамен кездеседі.

Айта кетейік, бұл турнирдің бәсі жоғары: жеңімпаз 1,2 миллион доллар сыйақымен бірге, дәстүрлі түрде су жаңа Porsche автокөлігінің кілтіне ие болады. Елена Рыбакина 2024 жылы бұл белесті бағындырып, темір тұлпарды тізгіндеген.

Биылы Рыбакина әлемнің екінші ракеткасы атанған.

Сондай-ақ оқыңыз