АҚШ-та ер адам өзінің жеті баласын атып өлтірді
Жарияланды

АҚШ-тың Луизиана штатының Шривпорт қаласында ер адам өзінің жеті баласын және тағы бір бөгде баланы атып өлтірген.
ВВС ақпаратына қарағанда, полиция бұл оқиғаны «отбасылық жанжал» ретінде бағалады.
Қаза тапқан балалар 1-14 жас аралығында. Одан бөлек, тағы да екі әйелді атқан. Оны бірі өзінің жұбайы болған. Екі әйел ауыр халде ауруханада жатыр. Күдікті жалпы 10 адамды атып, кейін ұрланған автокөлікпен қашып кеткен.
Полиция мәліметінше, атыс жексенбі күні таңғы сағат 05:00 шамасында басталған.
Кейін полиция күдіктіні қуып жетіп, атып өлтірген.
Айта кететін жайт, Түркияда мектепте тағы атыс болып, тоғыз адам қаза тапқан еді.