Астанада 20-24 сәуір аралығында кейбір көшелер уақытша жабылады
Жарияланды

Астанада Моңғолия Президентінің 20-23 сәуір аралығында Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында және 22–24 сәуір аралығында өтетін Өңірлік экологиялық саммитіне байланысты кейбір көшелер жабылады.
Қазақстанның Мемлекеттік күзет қызметі Астана тұрғындарына 2026 жылғы 20-24 сәуір аралығында қаладағы кейбір көшелерде қозғалыс уақытша шектелетінін ескертті.
Уақытша шектеулер халықаралық саяси іс-шаралар кезінде қауіпсіздік шараларын күшейтуге байланысты енгізіледі:
– 20–23 сәуір күндері Астанаға Ухнаагийн Хурэлсухтің мемлекеттік сапары өтеді;
– 22–24 сәуір аралығында Астана Өңірлік экологиялық саммитін қабылдайды. 22 сәуір күні Аралды құтқару халықаралық қорына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы өтеді.