Солтүстік Қазақстанда тағы да су деңгейі көтеріле бастады

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
Су тасқынына дайындық
Фото: shutterstock; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Солтүстік Қазақстан облысында Сергеев су қоймасының деңгейі қайтадан көтеріле бастады. «Қазгидромет» кәсіпорнының облыстық филиалының мәліметінше, Ақмола облысынан келетін судың есебінен Есіл өзенінің деңгейі тағы да өсе бастаған.

Өткен тәулікте Ғабит Мүсірепов атындағы аудандағы Шоптыкөл ауылының маңында өзен деңгейі 39 см-ге көтерілді. Дружба ауылының маңында 28 см-ге, ал Тоқсан би ауылында 24 см-ге артты. Сергеевка қаласының маңында бір тәулік ішінде 15 см, ал су қоймасында 8 см өсім тіркелді.

Мамандардың айтуынша, су тасқынының екінші толқыны сәуір айының соңында келеді деген болжам бар.

Бірақ Петропавл қаласында Есіл өзенінің деңгейі төмендей бастады. Өткен тәулікте қала маңындағы су деңгейі 6 см-ге азайған. Осыған байланысты республикалық маңызы бар «Петропавл қаласын айналып өту» автожолының 25-тен 30-шақырымына дейінгі учаскесі көліктің барлық түрі үшін ашылды.

Осыған дейін төтенше жағдай министрлігі Ақмола облысы мен Солтүстік Қазақстан облысы су тасқыны қаупі бар өңірлер ретінде атап, бақылауға алатынын хабарлаған.

Сондай-ақ оқыңыз