Ақтөбеде екінші рет мас күйде көлік жүргізген жүргізуші ұсталды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
фото / shutterstock, бильд-редактор: Серикжан Ковланбаев
фото / shutterstock, бильд-редактор: Серикжан Ковланбаев

Ақтөбе қаласында Бөгенбай батыр көшесінде патрульдік полиция жол қозғалысы ережелерін бұзған «ВАЗ 21213» («Нива») автокөлігін тоқтатты.

Тексеру барысында жүргізушінің мінез-құлқы күмән туғызып, медициналық куәландыру нәтижесінде оның мас болғаны анықталды.

35 жастағы жүргізуші бұған дейін де, 2024 жылы дәл осындай құқық бұзушылық үшін 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылғаны белгілі болды.

«Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізілуде. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ал автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды», – делінген хабарламада.

Полиция азаматтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және мас күйде көлік басқаруға жол бермеуге шақырып отыр.

Жыл басынан бері полицейлер 364 мас күйде көлік басқарған жүргізушіні анықтаған. Бұрын көлік жүргізу құқығынан айырылған 211 жүргізуші қайта ұсталған.

Мұның алдында қазақстандық депутат мас болып көлік айдағандарға рақымшылық жасау қажет екенін мәлімдеген.

Сондай-ақ оқыңыз