Ешкім уайымдамасын – министр ҰБТ-ға қатысты өзгерісті түсіндірді

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 2027 жылдан бастап түлектерге ҰБТ тапсыруға бір ғана мүмкіндік берілетініне түсініктеме берді.
Оның айтуынша, 2027 жылдан бастап жаңа тест пилоттық форматта іске асырылмақ.
«Ешкім уайымдамасын, биыл қалыптасқан процедуралар арқылы өтеді. Келесі жылдан бастап тұңғыш рет жаңа тест қосылатын болады. Балама ретінде. 2027 жылы жаңа тестің пилоттық форматы қосылады. ҰБТ екі мәрте емес, бір рет тапсырылады. Бірақ талапкерлер өз күштерін сынауы үшін негізгі тест емес, байқау тестінің мүмкіндігі сақталады. Ол жөнінде де алаңдаушылық болмасын», – деді министр.
Премьер-министрдің орынбасары Аида Балаева ҰБТ-ны бір рет тапсыру форматы қолға алынатынын хабарлаған еді. Оның айтуынша, ҰБТ-ны грант конкурсы үшін бір рет қана тапсыру жүйесіне көшіру ұсынылып отыр. Аида Балаева бұл шешім грант бөлу кезінде әділдік пен объективтілікті қамтамасыз етеді деген .