Владимир Кимге тиесілі банк 32 млрд теңге дивиденд төлейді

Жарияланды 21 Сәуір 2026 12:18

Үмітжан Бакелекова

Үмітжан Бакелекова

Business News бөлімінің редакторы u.bakelekova@kursiv.media
Банктің қанша дивиденд төлейтіні белгілі болды / Фото: shutterstock, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Миллиардер Владимир Кимге тиесілі Bank RBK 2025 жылы тапқан 64,1 млрд теңге таза пайдасының 32,2 млрд теңгесін дивиденд ретінде төлейді. Бұл шешім қаржы ұйымы акционерлерінің жиналысында шығарылған.

Таза табыстың дивидендтен артылған бөлігі банктің алдағы дамуы мен резервін нығайту үшін бөлінбеген пайда құрамында қалады .Ресми бекітілген мәліметтерге сәйкес, әрбір жай акция иесіне 20,07 теңгеден тиесілі болады. Бұл төлемді алуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2026 жылғы 20 сәуірдегі жағдай бойынша жасақталды.

Акционерлерге ақша 21 сәуірден бастап қолма-қол ақшасыз, акционерлердің банк шоттарына аударыла бастайды.

Бұған дейін банк артықшылығы бар акциялары үшін 495 млн теңге дивиденд төлейтінін хабарлаған.

Былтыр қаржы ұйымы 2017 жылдары Ұлттын банк арқылы мемлекеттен алған қарызын мерзімінен бұрын толық қайтарды. Қарызын қайтарған соң, акционерлерге ірі дивиденд төлеуге жол ашылды.

Соңғы жылдары банктің меншік құрылымы бірнеше рет өзгерді. Қазір оның басым үлесін «КСС ФИНАНС» ЖШС арқылы миллиардер Владимир Ким иеленеді. Жақында Кимнің үлесі 89,79% пайыздан 84,8%-ға дейін қысқарғаны белгілі болды. Ол 5,7 млрд доллар дәулетімен Қазақстандағы ең бай кәсіпкерлер тізімінде үшінші орында тұр.

Сондай-ақ оқыңыз