«Самұрық-Қазынадан» қысқартылған 650 қызметкер қайда орналасты

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
Samruk-Kazyna
фото: sk.kz

«Самұрық-Қазына» қорынан қысқартылған 650 қызметкердің тағдыры не болды? Жаңа қызметке орналасты ма? Бүгін үкімет отырысынан кейінгі брифингте журналистер компания топ-менеджментіне осындай сұрақ қойды.

«Самұрық-Қазына» АҚ-ның басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов сөзінше, 700-ге жуық адам Астанада орналасқан «Самұрық-Қазына» компаниялар тобынан қысқартылған. Қазір олардың бірқатары жаңа жұмысқа да орналасып үлгерген.

«Шын мәнінде, «Самұрық-Қазына» компаниялар тобында жоғары білікті мамандар жұмыс істейді. Біз компаниядан қысқартылған 650 адамның нарыққа шығатынын түсініп отырмыз. Жасырмай-ақ қояйын, мен жұмыс істеген блокта да қысқарту болды, дегенмен бірге жұмыс істеген әріптестерге жаңа ұсыныстар түсті. «Самұрық Қазына» жүйесінде емес, басқа жаңа қызметке орналасты десем де болады», – деді Ғибар Ауғанов.

Спикердің сөзінше, қысқарту болмас бұрын қызметкерлерге Еңбек Кодексіне сай алдын ала ескертілген. Сондай-ақ компания ішіндегі ұжымдық мәдениет бойынша, қысқартуға бейімделу, жаңа жұмыс іздеу туралы толық түсіндірілгенін атап өтті.

Еске салайық, осы жылы ақпанда  «Самұрық-Қазына» қорының басшысы Нұрлан Жақыпов 650 адамды жұмыстан қысқартатынын мәлімдеген. Компанияның Астанадағы 6500 қызметкері болса, соның 10%-ын қысқартпақшы.

Сондай-ақ оқыңыз