Заңсыз схема көп: енді жұмыссыздық бойынша төлемақы 4 ай ғана төленеді

Жарияланды
Businness news бөлімінің тілшісі
Жұмыссыздық бойынша берілетін төлемдер қысқартылады
Жұмыссыздық бойынша берілетін төлемдер қысқартылады/фото: kursiv.kz

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмыссыздық бойынша төленетін жәрдемақы мерзімі қысқарады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев үкіметте өткен брифингте төлемдердің қысқаруы анықталған заңсыз схемаларға байланысты болып отырғанын айтты.

«Мысалы, бір есепші 10 ұйымда жұмыс істеп, бәрінен бірден шығып кетіп, қорға жұмыссыз ретінде өтінім берген. Енді оған орташа жалақысына сәйкес төлем жасалуы керек. Қазір жәрдемақы төлемдерінің ең жоғарғы шегі қайта қаралып жатыр, өйткені реттеуді қажет ететін тұстар бар», – деді Ертаев.

Министр пандемияға дейін жұмыссыздыққа тапсырғандар 4 ай жәрдемақы алғанын еске салды.

«Пандемия кезінде бұл мерзім 6 айға дейін ұзартылды. Қазір жұмыссыз қалған адам бізде небәрі үш күн ғана тіркеуде тұрады. Біз бұл мерзімді 10 күнге созып, жәрдемақы төлеу кезеңін қайтадан 4 айға дейін қысқартамыз. Төлемдер бойынша өзгерістер азаматтарға тиесілі емес артық соманың төленуіне жол бермеу үшін жасалады», – деп түсіндірді министр.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда ең төменгі жалақыны арттыру мәселесі 2026 жылдың соңына дейін қарастырылатынын жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз