
21 сәуірде Астана уақытымен 15:02-де KASE валюта қорында USD/KZT жұбының сауда көлемі 320 млн доллардан асты. Күндізгі сессияда бір доллардың ең минималды құны 463 теңге болса, ең жоғары баға 467,99 теңгені құрады.

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттері 1 доллар 465-467 теңге аралығында сатып алып жатыр. Ал егер долларды кері сатсаңыз бір долларды 466-468 теңге аралығында қабылдайды.
Айта кетейік, теңгеге әсер етуші факторлардың бірі – мұнай бағасы нарықта құбылмалы болып тұр.
Әлемдік нарықта қазақстандық CPC Blend маркалы мұнай бағасы арзандап жатыр. Соңғы мәліметтерге сәйкес, өткен жұма күні мұнайдың бұл түрі 114,47 доллар деңгейінде саудаланса, дүйсенбі, 20 сәуір күні оның құны 112,23 долларға дейін төмендеді.