Министрлік мұнай өнімдерінің айналымын цифрлық есепке алады

Жарияланды
Businness news бөлімінің тілшісі
мұнай
Фото: shutterstock

Елдегі мұнай базалары бақылау есептегіш құралдарымен жабдықталады. Соның аясында мұнай өнімдерін мұнай базасынан бастап жанармай бекетіне дейінгі жеткізілу жолы қадағалауға ашық болады. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Ілияс Бақытжан айтты.

«Бүгінгі таңда «Oil Track» жүйесінде 325 мұнай базасы тіркелген, оның 146-сы бақылау құралдарымен жабдықталған. Олар деректерді онлайн режимде Қаржы министрлігіне қарасты Ақпараттық-есептеу орталығына тұрақты түрде жіберіп отыр.

Сонымен қатар, барлық мұнай өңдеу зауыттары, соның ішінде шағын мұнай өңдеу зауыттары да бақылау құралдарымен толық қамтылған. Мұнай базаларын толық жабдықтау арқылы мұнай өнімдерінің мұнай базасынан жанармай бекетіне дейінгі қозғалысын бастан-аяқ ашық бақылауға болады», –  деді спикер.

2025 жылдан бастап шикі және тауарлық газды есепке алуды автоматтандыру бойынша жұмыс жүргізіліп келеді.

«Қазіргі уақытта жүйеге мұнай мен газ өндіру саласында жұмыс істейтін 86 ұйымның 12-сі қосылды. Осылайша, қазір республика бойынша ілеспе және табиғи газ өндірудің жалпы көлемінің 58%-дан астамы цифрландырылды»,–  деді Бақытжан Ильяс.

Министрлік мұнай базаларының жүйеге қосылуын және олардың жабдықталу барысын күн сайын тексеріп отыратынын айтты.

Айта кетейік, бұған дейін энергетика министрі Ерлан Ақкенженов әлемдегі мұнай бағасына қатысты пікір білдірген еді.

Сондай-ақ оқыңыз