СІМ Араб Әмірліктерінде сотталған қазақстандыққа қатысты пікір білдірді

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
СІМ Араб Әмірліктерінде сотталған қазақстандыққа қатысты пікір білдірді / Фото: Shutterstock

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Біріккен Араб Әмірліктерінде ұсталған Қазақстан азаматы Ернұр Алмаханға қатысты жағдай бойынша түсініктеме берді, деп жазады «ҚазАқпарат«.

Ведомствоның ақпаратынша, 2026 жылғы 18 наурызда Дубайдың бірінші сатыдағы соты оны бірқатар ауыр қылмыстар бойынша кінәлі деп танып, айыппұл сала отырып, өмір бойына бас бостандығынан айыруға үкім кескен. СІМ сотталған азаматтың апелляциялық шағым түсіргенін, соған байланысты үкім әлі заңды күшіне енбегенін нақтылады.

«Қазақстан елшілігі БАӘ-нің құзыретті органдарына ресми сауал жолдады және қазіргі уақытта жауап күтуде. Қазақстанның Дубайдағы Бас консулдығы азаматқа қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетуді жалғастыруда. Жағдай сыртқы саяси ведомствоның ерекше бақылауында», – деп жауап берді Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, осыған дейін Интерпол арналары арқылы іздеуде жүрген қазақстандық блогер Қайсар Қамза Вьетнамда ұсталғанын жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз