Полиция әнші Рахат Тұрлыхановқа қатысты қылмыстық істі тоқтатты

Жарияланды
Businness news бөлімінің тілшісі
Рахат Тұрлыханов
фото: Instagram

Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың немере інісі Рахат Тұрлыхановқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылды. Оның жұбайы шағымын қайтарып алып, тергеу амалдарына әрі қарай қатысудан бас тартқан.

Алматы қаласы полиция департаментінің өкілі Салтанат Әзірбек бұл дерек бойынша Алматы қаласы Медеу аудандық полиция басқармасының қылмыстық іс қозғананын еске салды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында оқиғаның мән-жайы анықталып, қажетті материалдар жинақталды. Қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес барлық тиісті процессуалдық әрекеттер жүргізілді.

Сонымен қатар, арызданушы өз талап-шағымдарынан бас тартып, істі қарауға одан әрі қатысудан бас тартуына байланысты қылмыстық іс заңды негізде тоқтатылды, деді ол.

Полицияның айтуынш, отбасылық-тұрмыстық сипаттағы әрбір жанжал бойынша азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған тиісті шаралар қабылданады.

Оқиғаның мән-жайы

2026 жылдың 15 наурызында Тұрлыханов үйінде әйелімен жанжалдасқан. Бұл әншінің қатысуымен жұртшылыққа мәлім болған үшінші отбасылық жанжал. Рахат Тұрлыханов соңғы ұрысында әйеліне тіл тигізіп, қоқан-лоқы көрсеткен, айғайлап, үйдегі тыныштықты бұзған. Осылайша әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-бабында (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) көрсетілген әрекетті жасаған. Әйелі А.Ілияс сот отырысы барысында жанжал болғанын растады, ұрып-соқпағанын жеткізді. Тұрлыханов та сотта жанжалды растап, істі тоқтатуды сұраған.

Айта кетейік, Рахат Тұрлыханов бұған дейін де әйелін ұрғаны үшін жауапқа тартылған. 2023 жылдың 23 қазанында әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-2-бабы (ұрып-соғу) негізінде қозғалған іс тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылды.

Сондай-ақ оқыңыз