13 жылдағы рекорд: Қазақстанда сары май өндірісі бір жылда 55 пайызға өскен

Жарияланды
Businness news бөлімінің тілшісі
сары май өндірісі артты
Сары май өндірісі рекордтық деңгейге жетті/фото: ашық дереккөзден

2026 жылдың I тоқсанында отандық зауыттар 12,7 мың тонна сары май шығарды. Бұл 2025 жылмен салыстырғанда 55%-ға артық. Ұлттық статистика бюросының деректері бұл көрсеткіштің соңғы 13 жылдағы рекорд нәтиже екенін көрсетті.

2026 жылдың алғашқы үш айындағы жоғары көрсеткіш рекорд орнатуға мүмкүндік берді.

Дегенмен, сары май өндірісіндегі өсім өткен жылдың екінші жартысында басталғанын айта кеткен жөн. Мысалы, тамыздан желтоқсанға дейін бес ай бойы өндіріс көлемі 3,5 мың тоннадан асып тұрды.

Нәтижесінде 2025 жыл 25%-дық өсіммен (40,9 мың тоннаға дейін) аяқталған болатын. Қазір бұл үрдіс тек қарқын алып келеді.

Өңірлер арасында жалпы көрсеткіштің артуына Шымкент қаласы, Жамбыл облысы және Алматы қаласы ерекше үлес қосып жатыр. I тоқсанның қорытындысы бойынша жиынтық өсімнің 80%-дан астамы осы аймақтарға тиесілі.

Экспорт және импорт

Сары май экспортқа шығарылмайды. Data Hub дерегіне сәйкес, Қаңтар-ақпан айларында Қазақстаннан бар болғаны 0,3 мың тонна өнім сыртқа сатылды. Бұл кезеңдегі жалпы өндіріс 8,1 мың тонна болды. Демек, барлық өнім ішкі сұранысты қанағаттандыруға бағытталып келеді.

Бірақ ішкі сұранысты толық өтеу мүмкін болмай отыр. Импорт көлемі жыл сайын артып келеді. 2025 жылдың алғашқы екі айымен салыстырғанда импорт 40%-ға артып, 0,9 мың тоннаға жетті. Негізгі жеткізуші – Беларусь елі (барлық импорттың жартысынан астамы).

Сары май қаншалықты қымбаттады?

I тоқсанда сары май бағасы өткен жылмен салыстырғанда 11%-ға, ал өсімдік-сары майы (спред) 12%-ға қымбаттады. Бұл кезеңдегі тауарлар мен қызметтердің жалпы инфляциясы 11% деңгейінде болды.

Сары майдан бөлек, негізгі азық-түлік санатының басым бөлігінде оң динамика байқалып отыр. Ірімшік пен сүзбе өндірісі 39,2%-ға, қант және шоколад қосылған кондитерлік өнім – 21,4%-ға, жарма өндірісі 20,8%-ға өсті.

Сондай-ақ оқыңыз