Жапония алғаш рет шетелге қару экспорттай бастайды

Жарияланды
Businness news бөлімінің тілшісі
Жапония қарулады шетелдерге экспорттала бастайды
Жапония қаруладр шетелдерге экспорттала бастайды / фото: kursiv.media архиві

Жапония екінші дүниежүзілік соғыстан кейін алғаш рет қару-жарақты шетелге сатуға салынған тыйымды алып тастады. Сейсенбі, 21 сәуірде Жапония Премьер-министрі Санаэ Такаити заңнамаға енгізілген түзету кез келген қаруды экспорттауға жол ашатынын мәлімдеді.

DW жазуынша, осы уақытқа дейін Жапония әскери жабдықтарды ғана сыртқа шығаруға рұқсат беретін.

Жапония үкіметінің бас хатшысы Минору Кихараның айтуынша, бұл шешім аймақтағы қауіпсіздікке байланысты қабылданып отыр.

«Бүгінгі таңда ешқандай мемлекет бейбітшілік пен өз қауіпсіздігін жалғыз өзі қамтамасыз ете алмайды», деді Кихара.

Түбегейлі бетбұрыс

Бұған дейін Жапония тек іздестіру-құтқару жұмыстарына, әскери тасымалға, минадан тазартуға және бақылауға арналған жабдықтарды ғана экспорттайтын. Жаңа ережелер ел саясатын түбегейлі бетбұрысқа алып келеді. Енді Токио халықаралық қару-жарақ нарығына шығып, ел экономикасын жандандыруды көздеп отыр.

Жапон халқы бұл заңды қалай қабылдады?

Бұл шешім хапон халқының сынына ұшырады. Қару экспортына қарсы тараптар үкіметті көпжылдық бейбіт дәстүрге нұқсан келтірді деп айыптады.

Наурызда жүргізілген сауалнама сәйкес, Жапон халқының 53%-ы түзетуге күмәнмен қараса, 32%-ы шешімді қолдайды.

Қытай мемлекеті шешімге қалай қарайды?

Қытай СІМ ресми өкілі Го Цзякун жағдайға қырағылық танытып, жаңа стильдегі милитаризацияға батыл қарсылық көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.

Айта кету керек, Жапония дәстүрлі түрде ұлттық қауіпсіздік мәселесінде АҚШ-пен одақтастыққа сүйенетін.

Алайда, Дональд Трамптың екінші президенттік мерзімі басталғалы бері Токио Вашингтонды сенімсіз серіктес ретінде қабылдай бастады.

Сондай-ақ оқыңыз