Алматы облысында антитеррорлық оқу-жаттығулар өтеді

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
Алматы облысында антитеррорлық оқу-жаттығулар өтеді / Фото: Shutterstock

Райымбек ауданының Нарынқол ауылында 23 сәуірде «Нарынқол-Антитеррор-2026» антитеррорлық оқу-жаттығулары өтеді, деп хабарлады облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтан.

Штаб мәліметінше, іс-шараның мақсаты – құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының террористік қауіптердің жолын кесуге дайындығын тексеру.

Оқу-жаттығу кезінде халық пен автокөлік қозғалысына уақытша шектеулер қойылуы мүмкін.

Тұрғындарды іс-шараларға түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік орган қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырды.

Бұған дейін 17 сәуірде Алматыда «Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплиндері кешені аумағында да жоспарлы антитеррорлық оқу-жаттығулар өткенін жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз