Маңғыстауда нөсерден кейін жылқы қырылуына байланысты тергеу басталды

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
Маңғыстауда нөсерден кейін жылқы қырылуына байланысты тергеу басталды / Фото: ЖИ көмегімен жасалған

Ақшымырау және Сайөтес ауылдарының аумағында жануарлар жаппай қырылды. Алайда қазіргі уақытта өлген жылқылардың нақты саны белгісіз. Арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр, деп жазады «ҚазАқпарат«.

Сайөтес ауылының аумағында орналасқан «Тілеміс» шаруа қожалығының жетекшісі Жаңақа Ізтұрғановтың айтуынша, нөсер жаңбырдан кейін ол өзінің 17 жылқысының өлігін тапқан.

«Шығын болған құлындарды есептемегенде, менің 17 бас ірі малыым (жылқы) қырылды», – дейді фермер.

Сонымен қатар6 Сайөтес ауылының тұрғыны Бекмаханбет Исталетовтің 30-дан астам жылқысы шығын болған. Қожалық иесі құзырлы органдар тарапынан көмек болмағанын және жоғалған малды өз күштерімен іздестіріп жатқанын атап өтті.

«Жағдай оңай емес. Ауа райының күрт нашарлауынан 30-дан астам жылқы қырылды. Ешкім көмекке келмей жатыр. Менің барлық жылқыларым ресми тізілімде бар. Бәлкім, теміржолдың екі жағын тазалау жұмыстары жүріп жатқан шығар. Бірақ біздің шаруашылыққа ешкім келген жоқ. Менің шаруашылығым Сайөтес ауылынан шығысқа қарай 21 шақырым жерде орналасқан», – дейді Бекмаханбет Исталетов.

Айта кетейік, 14–15 сәуірде өңірде қатты жел соғып, нөсер жаңбыр жауды. Соның салдарынан жылқылар батпаққа батып, қырылып қалған. Осыған байланысты арнайы комиссия құрылып, шалғай ауылдардың аумақтарын тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, комиссия жұмысын жалғастыруда. Қорытынды нәтижелер әлі шыққан жоқ.

Сондай-ақ оқыңыз