Жол ережесін бірнеше рет бұзған жүргізушілер енді 15 тәулікке қамалады

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
водители
фото: shutterstock, бильд-редактор: Серикжан Кобланбаев

Астана прокуратурасы мен полиция жолдардағы агрессивті жүргізушілерге қатысты жазаны қатаңдатты. Енді жылдамдықты қасақана асырып, көлікті қауіпті айдайтындар тек айыппұлмен құтылмайды, олар «ұсақ бұзақылық» жасады деп айыпталып, қамалуы мүмкін.

Жаңа өзгерістің мәні қандай?

Бұған дейін жол ережесін бұзғандарға тек Әкімшілік кодекс баптарымен айыппұл салынатын. Полиция кейбір жүргізушілерге бұл шара әсер етпей, олар ереже бұзуды әдетке айналдырғанын айтады. Сондықтан прокуратура мұндай әрекеттерді ӘҚБтК-нің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша қарайтын болды. Бұл бап 15 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу жазасын көздейді.

Қатаң шараны кімдерге қолданады?

  • Жол ережесін жүйелі түрде, әдейі және өрескел бұзатындар;
  • Өзгелердің өміріне қауіп төндіретіндер;
  • Бұзақылығын әлеуметтік желіге салып, мақтан ететіндер енді қамауға алынуы мүмкін.

Астана қаласының прокуроры Ғабит Мұқановтың айтуынша, қазірдің өзінде бірнеше адам осы бап бойынша жауапқа тартылған. Олар бұған дейін бірнеше рет айыппұл төлесе де, заң бұзуды тоқтатпаған.

Прокуратура жол қауіпсіздігі ортақ жауапкершілік екенін ескертіп, елорда тұрғындары мен қонақтарын ережені қатаң сақтауға шақырады.

Осыған дейін үкімет жол ережесін бірнеше рет бұзған шетелдік азаматқа Қазақстанда тұруға ықтиярхат берілмеу керек дегені шараны талқылаған.

Сондай-ақ оқыңыз