Халықаралық валюта қоры Алматыда ашқан орталыққа 48 млн доллар бөлген

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
Фото: Stephen Jaffe / IMF / Getty Images

Халықаралық валюта қоры Алматыдан ашқан өңірлік даму орталығын дамытып жатыр. Бүгін сенаторлар Қазақстан мен Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) арасындағы Кавказ, Орталық Азия және Моңғолия елдеріне арналған Өңірлік әлеуетті дамыту орталығын құру туралы өзара түсіністік меморандумын ратификациялады.

Құжат Халықаралық валюта қоры Алматыда ашқан орталықтың толыққанды жұмыс істеуі үшін қажетті құқықтық негізді қалыптастырады.

Орталық Алматы қаласында ашылған және Армения, Әзербайжан, Грузия, Қырғызстан, Моңғолия, Тәжікстан, Түркменстан, Өзбекстан елдері үшін жұмыс істейді. Ұйымның мақсаты – мемлекеттік орган мамандарының макроэкономикалық талдау, бюджеттік және ақша-несие саясаты, қаржылық реттеу және статистика салаларындағы біліктілігін арттыру.

«Орталықтың қызметі тек Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл өңір үшін стратегиялық ресурс болып табылады. Бұл біздің мамандарға Вашингтон немесе Вена қалаларына бармай-ақ, ең үздік халықаралық практикалық білімге тікелей қол жеткізуге мүмкіндік береді», – сенатор Серік Өтешов.

Оның сөзінше, орталықтың Алматыда орналасуының экономикалық тиімділігі де жоғары болады.  Осыған дейін жұмыс істеген уақыт ішінде 4 мыңнан астам маман оқыған, оның ішінде Қазақстаннан 1 370-тен астам қызметкер бар. Ал ұйымның жұмысы үшін бес жылға 48 млн доллар қаржыландыру қарастырылған.

Халықаралық валюта қоры Алматыда өңірлік орталық ашатыны жайлы үш жыл бұрын айтылған еді.

Сондай-ақ оқыңыз