Зейнетақы жинағын басқарушы компанияларға қойылатын талап қатаңдай ма

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Businness news бөлімінің тілшісі
Все пенсионеры Бурабая разово получат 11 тысяч тенге
Фото: Shutterstock

Зейнетақы активтерінің бір бөлігін Ұлттық банктен бөлек, 5 жеке басқарушы компания басқарып отыр. Бірақ әзірге жеке басқарушы компаниялардағы ақшаның жалпы көлемі өте аз. Мысалы, Ұлттық банктің басқаруында 25,7 трлн теңгеден астам қаражат бар, ал 5 жеке компанияның басқаруында шамамен 100 млрд теңге жатыр.

Ұлттық банк пен жеке басқарушы компаниялардың арасындағы таңдауды салымшының өзі жасайды. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова айтты.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банк бұл жеке басқарушыларға зейнетақы активтерін басқаруға рұқсат бермес бұрын үлкен жұмыс атқарған. Жеке басқарушы компанияларға қатаң талаптар мен критерийлер қойылды.

«Ең әуелі жеке басқарушы компанияларының кем дегенде 1,7 млрд теңге өз қаражаты болуға тиіс. Екіншіден, активтерді басқаруда кемінде үш жылдық тәжірибенің болғаны маңызды. Үшіншіден, белгілі бір несие рейтингі бар ірі акционер-резиденттің болуы талап етіледі», деді Ұлттық банк төрағасының орынбасары.

Яғни, жаңа талаптарға сай, зейнетақы ақшасын енді өз капиталы бар және тәжірибесі мол, сенімді компаниялар ғана басқара алады. Сондықтан ақшаның жоғалып кетпеуіне және бұрынғы қателіктердің қайталанбауына толық сенім бар.

Айта кетейік, бес басқарушы компанияның қатарында Halyk Global Markets, Alatau City Invest, «Сентрас Секьюритиз», BCC Invest, Halyk Finance бар.

2021 жылдан мемлекет салымшыларға өз қаражатын басқаруда таңдау еркіндігін ұсынды. Содан бері зейнетақы жинақтарын тек Ұлттық Банкке сеніп тапсырмай, жеке инвестициялық портфельді басқарушыларға (ИПБ) беруге мүмкіндік бар. Ал 2023 жылғы 1 шілдеден бастап бұл мүмкіндік едәуір кеңейді.

Сондай-ақ оқыңыз