Ұлттық банк зейнетақы жинағының жеткілікті шегін көтеруді қолдайды

Жарияланды 23 Сәуір 2026 12:13

Азамат Серікхан

Азамат Серікхан

General News бөлімінің аға тілшісі a.serikkhan@kursiv.media
Үмітжан Бакелекова

Үмітжан Бакелекова

Business News бөлімінің редакторы u.bakelekova@kursiv.media
Жеткілікті шек қаншаға көтеріледі /Фото: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Ұлттық банк зейнетақы жинағының жеткілікті шегін көтеруді қолдайды. Өйткені ол жоғары болса, зейнетақы қорынан қаржы алу қиындайды. Қорда қомақты қаржы жинақталған сайын, азаматтардың жоғары зейнетақы алу мүмкіндігі арта түседі. Бұл туралы Сенат кулуарында Ұлттық банк төрағасының орыбасары Әлия Молдабекова айтты.

«Ұлттық банк зейнетақы жинағының жеткілікті шегін көтеруді қолдайды. Өйткені бұл қаржы жүйесінің тұрақтылығын арттырып, қазақстандықтардың болашақта жақсы зейнетақыға шығуына жағдай жасайды», – деді ол.

Зейнетақы қорындағы қаржы 26 трлн теңгеге жуықтап қалған. БЖЗҚ активтерінің басым бөлігі – 25,76 трлн теңгесін Ұлттық банк басқарады.

2026 жылы зейнетақы жинағынан ақша алу үшін жеткілікті шек 10 пайызға артқаны белгілі. Оған қоса жақында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қордан қаржы алу тәртібін өзгерту туралы қаулы жариялаған. Соған сәйкес, бұрын жеткілікті шек белгілі бір көрсеткіштерге негізделсе, ендігі жерде «кейінге қалдырылған өмірлік зейнетақы аннуитетінің» құнына байланатын болады.

Бұл ретте Молдабекова жеткілікті шектің қаншаға көтерілетінін нақтыламады.

Соңғы бес жылда қазақстандықтар зейнетақы шоттарынан шамамен 5 трлн теңге шешіп алған. Оның ішінде шамамен 1 трлн теңгені 20 мен 35 жас аралығындағы жастар алған.

Сондай-ақ оқыңыз