Өзбекстанда салынып жатқан АЭС құрылысын 13 мың адам жүргізеді

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Өзбекстанда салынып жатқан АЭС макетімен оқушылар танысты
АЭС құрылысында көрші ел алда келеді / фото: «O‘zatom» agentligi

Өзбекстанның Жизақ облысында атом электр станциясының (АЭС) құрылысы жүріп жатыр. Құрылыс қызған уақытта 13 мыңға дейін жұмыс орны ашылады. Бұл туралы Kursiv.Media «Өзатом» агенттігінің мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.

«Жоба жүзеге асып жатыр. Жизақ облысында бетондау жұмыстары жүріп жатыр. Құрылыс қызған шақта мұнда 13 мыңға дейін жұмыс орны ашылады», – деп таратты атом агенттігі.

«Өзатом» дерегінше, АЭС құрылысы аяқталған соң, станцияда екі мыңға жуық маман жұмыс істейді. Айта кетейік, өзбек билігі солар үшін 10 мың адамға арналған қалашық салуды көздеп отыр.

Жизақтағы атом станциясы Өзбекстанның электр қуатына сұранысының 14%-ын қамтамасыз етеді. Сол арқылы құрылыс өндірісі, электротехника, машина жасау және басқа да салаларды дамытуға мүмкіндік ашылады.

Естеріңізге сала кетейік, Жизақ облысы Фориш ауданында реактор орнатылатын шұңқыр 2025 жылы қазылған. Төрт блоктан тұратын станцияның екеуінде қуатты реактор жұмыс істейді. Бастапқыда шағын өндіріс 2029 жылы іске қосылады. Ал атом станциясының құрылысы 2035 жылы толық аяқталуға тиіс. Алғашқы өзбек АЭС-ін «Росатом» тұрғызады.

Сондай-ақ оқыңыз