Блогер Эльмира Төлегенова денсаулығына байланысты сотқа келмеді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
SMM бөлімінің редакторы
Блогеры Жанабыловы отправлены под домашний арест по делу с розыгрышами
Төлегенова сот отырысына келмеді/фото: Instaagram

Заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты, қылмыстық жолмен тапқан ақшаны заңдастырды деп айыпталған блогер Эльмира Төлегенова сот отырысына келмеді. 2026 жылдың 23 сәуірінде сотталушылар соттағы соңғы сөзін сөйлеуі керек еді. Алайда сотталушылардың бірі сот отырысына келмегендіктен, істі қарап жатқан судья екі сағатқа үзіліс жариялады.

Осы уақыт ішінде қорғау тарабы сотқа сотталушы Төлегенованың денсаулығы нашарлағанын растайтын құжат өткізуге тиіс. Мұндай құжат болмаған жағдайда бұл істі әрі қарай жүргізуге кедергі келтіру деп саналады.

Бұған дейін прокурор Олжас Хайруллаев блогер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегенованы кінәлі деп танып, мүлкін тәркілеп, 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Даудың басы

2025 жылдың 18-21 тамызы аралығында Instagram-да @Zhanabylov_e және @elt6i аккаунты арқылы танымал блогерлер 10 автокөлік ойнататынын жариялады. Алайда тікелей эфирдің орнына қолданушыларға Zhana Business атты ақылы оқу курсының сілтемесі ұсынылған. Курс құны – 30 мың теңге. Ұтысқа қатысу үшін осы курсты сатып алу қажет болған. Бұл жағдай әлеуметтік желіде сынға ұшырап, мемлекеттік органдарға шағым түсті.

Содан кейін туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов тексеріс жүргізіліп, материалдар сотқа жолданғанын мәлімдеді

Жанабыловтарға қатысты әкімшілік іс 2025 жылдың 5 қыркүйегінде басталды. Содан кейін сот заңсыз лотерея өткізу фактісі бойынша қозғалған әкімшілік істі тоқтату туралы қаулы шығарды. Бұл істе қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бар болғандықтан, іс экономикалық тергеу департаментіне жолданатын болды.

Қылмыстық іс

Қылмыстық іс 2026 жылдың наурызында басталды. Тергеу дерегіне сәйкес, 2025 жылы блогерлер аса ірі көлемде ақша табу мақсатында қылмыс жоспарын құрған. Алайда оқырмандар 30 мың теңгеге сатып алатын видеокурстардың білім беру және экономикалық мәні болмаған. Сондай-ақ бұл курстар бұрын да басқа платформаларда жарияланған.

Сотта ерлі-зайыпты тағылған айыпты ішінара мойындады.   

Сондай-ақ оқыңыз