Ақтөбеде 6-сынып оқушысы қайтыс болды: қылмыстық іс қозғалды

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
полиция
Ақтөбеде 6-сынып оқушысы қайтыс болды: қылмыстық іс қозғалды / Фото: Shutterstock

Ақтөбе облысы Темір ауданы Кеңқияқ ауылында 6-сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсап қайтыс болған. Бұл туралы аудандық білім бөлімі хабарлады.

Ақпаратқа сүйенсек, оқушы 6-сыныпта оқыған, толық отбасында тәрбие алған. Жерлеу рәсімі бүгін өткен.

Аталған факті бойынша «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы негізінде қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта құзырлы органдар жан-жақты тексеру жүргізіп, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Сондай-ақ, білім беру ұйымында ішкі қызметтік тергеу басталды.

«Қазіргі таңда бала құқықтарын қорғау басқармасы, өңірлік уәкіл және мектеп ұжымы бірлесе отырып жұмыс істеуде. Негізгі басымдық, оқушылардың психологиялық жағдайын сауықтыру, мектептегі қауіпсіздік шараларын күшейту, балалар мен ата-аналарға қажетті көмек көрсету», – делінген хабарламада.

Тексеру аяқталған соң, оқиғаның нәтижесі туралы қосымша ақпарат жарияланады.

Сондай-ақ оқыңыз