«Барселонамен» келісімшартқа отырған Меңдіқанов Ұлттық құрамаға шақырту алды

Қазақстан футбол федерациясы Даму кубогі матчтарына U-16 жасөспірімдер құрамасына шақырылған ойыншылардың тізімін жариялады.
Қазақстан, Әзербайжан, Пәкістан және Ресей жасөспірімдер құрамаларының (16 жастан аспаған футболшылар) қатысуымен өтетін Даму кубогінің ойындары 25-30 сәуір аралығында Шымкентте өтеді.
Қазақстан жасөспірімдер құрамасының сапына негізінен шетелдік және жергілікті мамандардың жетекшілігімен федерация академиясында білім алып жатқан футболшылар шақырылды. Оларға еуропалық академияларда жаттығып жүрген талантты жас футболшылар – Абдулла Бапишев («Магдебург», Германия) пен Кәрім Меңдіқанов («Сан-Куат», Испания) қосылады.
Айта кетейік, Меңдіқанов қазіргі таңда ресми түрде «Сан-Куат» ФК футболшысы, дегенмен 2026 жылдың күзінен бастап «Барселона» ФК академиясының ойыншысы атанады, бұл туралы тиісті келісімшартқа қол қойылған.