Қатарластарын бопсалады деген күдікпен студенттер ұсталды

Павлодар облысында бопсалаумен айналысқан деп күдікке ілінген топтың әрекетіне тосқауыл қойылды, деп хабарлады полиция.
Алдын ала мәліметтер бойынша, күдіктілер Павлодарда «салық жинау» схемасын ұйымдастыруды жоспарлаған. Олар өз қатарластарынан физикалық күш қолдану қаупімен ақша талап етпек болған.
Жедел іс-шаралар барысында колледждің екі студенті ұсталып, олар қамауға алынды.
«Күдіктілердің күш қолданумен қоқан-лоққы көрсетіп, қылмыстық ниеттерін іске асыруға бағытталған әрекеттер жасағаны анықталды. Бопсалау фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды. Осылайша, заңсыз әрекеттің бастапқы кезеңінде жолы кесіліп, оның әрі қарай өршуіне жол берілмеді», — деп хабарлады Ғабит Қабдрахманов.
Қазіргі уақытта ұсталғандардың басқа да болуы мүмкін оқиғаларға қатыстылығы тексерілуде. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, Ішкі істер министрлігі соңғы уақытта интернет пен мессенджерлерде терроризм актісі туралы жалған ақпарат тарату деректерінің жиілеп кеткенін хабарлаған еді.