Қостанайда соғыс ардагерлеріне 5 млн теңгеден берілді

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
Фото: shutterstock

Қостанайда Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне Жеңіс күніне орай 5 миллион теңгеден аударылды.

Қалалық әкімдіктің хабарынша, қазір өңірде жасы 100-ге келген үш ардагер тұрады. Олардың қатарында 1925 жылы туған Қасымхан Алдабергенов пен Михаил Подоляков және 1926 жылы туған Ділдәбек Нұрышев бар.

Төлемдер Жеңіс күнін мерекелеуге орайластырылған мемлекеттік қолдау шаралары аясында жүргізілген.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2026 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша елде 76 059 ардагер тұрады. Жыл басынан бері оларға жалпы сомасы 1,5 млрд теңгеге мемлекеттік жәрдемақы төленген.

Айта кетейік, биыл да елімізде Жеңіс парады өтпейтін болды. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, оның орнына басқа да әскери-патриоттық іс-шаралар ұйымдастырылады.

Сондай-ақ оқыңыз