Жанабыловтар кінәсін мойындап, прокурормен келісім жасасатын болды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
SMM бөлімінің редакторы
Блогеры Жанабыловы отправлены под домашний арест по делу с розыгрышами
Астанада Жанабыловтар соты өтіп жатыр/фото: Instagram

Ерлі-зайыпты блогер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегенова айыптау тарабымен келісімге келуге өтініш білдірді.

2026 жылдың 24 сәуірінде сотталушылар соттағы соңғы сөзін айтты. Сотталушы Эльмира Төлегенова құқығын пайдаланып, судья үкім шығаруға кетпестен бұрын прокурормен келісім жасасуға өтініш білдірді.

«Өзіміз үшін қорытынды жасадық, бізге өмірлік сабақ болды. Біз заңды бұзғанымызға шын жүректен өкінеміз. Құрметті сот, маған және күйеуіме бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындауды және бізге жеңілдікпен қарауыңызды сұраймын.

Сондай-ақ, құрметті сот, өз құқығымды пайдаланып, сіз кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін процестік келісім жасасу туралы өтініш білдіргім келеді. Процестік келісім жасаудың барлық шарты бізге түсіндірілді», – деді Төлегенова соттағы соңғы сөзінде.

Судья прокурорға дайындық үшін бір сағат уақыт берді.

Сондай-ақ оқыңыз