Қазақстандықтар шамадан тыс қымбат көліктерді атады

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Бағасы шамадан тыс жоғары көліктердің тізіміне Subaru, Toyota, Volkswagen және Lada кірді / Фото: Shutterstock

Threads желісінде perekup01 лақап атымен танымал Қазақстандық автоблогер, әрі автокөлік делдалы Ұлықбек Әлиев оқырмандарына бағасы шектен тыс қымбат көліктерді атауды сұрады. Оның бұл сауалы қызу талқыланды. «Қара тізімге» қазіргі жаңа кроссоверлер де, 90-жылдардағы аты аңызға айналған седандар да қосылды.

Жапон классикасы: баға қаншалықты орынды

Әлиевтің өзі талқылауды Subaru Outback пен Subaru Forester модельдерінен бастады. Қолданушылар бұл пікірді қолдап, жаңа «жапон» көлігіне 25 млн теңге төлеуге көпшіліктің құлшынысы жоқ екенін айтты.

Алайда шағымдардың басым бөлігі Toyota-ға қатысты айтылды. Пікір иелерінің айтуынша, компанияның модельдері Қазақстанда тым қымбат тұрады. Әсіресе Toyota Camry көлігіне көп сын айтылуда. Желі қолданушылары оның бағасы мен жабдықталуы сәйкес келмейтіні айтады.

«Toyota FJ Cruiser көбіне Toyota Land Cruiser Prado-дан да қымбат тұрады, тек ерекше сыртқы дизайны үшін ғана», деп пікір білдірді талқылауға қатысушылардың бірі.

«Жүріс қоры миллионға дейін жетеді» деген бедел де жастардың жапон брендтеріне деген көзқарасын өзгерте алмады. Соған қарамастан, екінші нарықта баға жоғары болып қалып, тұйық шеңбер қалыптасып отыр.

Қымбат «ескілер»

Жүрілген көліктердің бағасы да көпшіліктің наразылығын тудырып отыр. Мәселен, көлік иелері 1990 жылдары шыққан «Toyota Camry 25» үшін 3-4 млн теңге сұрап отыр, ал Volkswagen Passat B3 немесе Volkswagen Passat B5 модельдері 2,3-4,7 млн теңгеге бағаланып отыр. Қолданушылар бұны «ақылға қонымсыз баға» деп атады.

2000-жылдардың басындағы BMW 3 Series (E46) мен Mercedes-Benz E-Class (W211) көліктері де көбіне үйдің бастапқы жарнасына тең бағамен сатылып жүр. Пікірлерде кейбіреулер «ескі неміс» көлігін алғаннан гөрі, өңірден бір бөлмелі пәтер алып, оны жалға беріп табыс тапқан тиімдірек деп қалжыңдайды.

Бюджеттік сегмент пен қытай көліктері

Жаппай нарықтағы көліктер де назардан тыс қалмады. Бағасы Lada Granta-мен теңесіп қалған Chevrolet Cobalt және 10 жылдық Hyundai Accent көліктері жүргізушілердің таңданысын тудырып отыр.

Нарыққа жаңадан келген ойыншылар да сынға ұшырады. Автокөлік әуесқойларының пікірінше, Қазақстандағы қытайлық брендтер еліндегі бағамен салыстырғанда әлдеқайда қымбат сатылып жатыр.

«Қытайдағы барлық «қытай көліктері» біздегіден екі есе арзан», – деп жазды пайдаланушылардың бірі.

Бұған дейін Қазақстанда 5-7 млн теңгеге қандай жүрілген көлік алуға болатынына шолу жасаған едік.

Сондай-ақ оқыңыз