26 сәуірде екі қалада ауа ластанады

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
26 сәуірде екі қалада ауа ластанады / Фото: Shutterstock

26 сәуірде Алматы мен Талдықорған қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет».

Синоптиктердің мәліметінше, бұл күндері қалаларда атмосфераның жерге жақын қабатында ластаушы заттардың жиналуына ықпал ететін факторларға байланысты ауа сапасының нашарлауы болжануда.

Қолайсыз метеожағдайлар желсіз түн, әлсіз жел, тұман және инверсия сияқты зиянды заттардың таралуына кедергі келтіретін қысқа мерзімді факторлардың жиынтығынан қалыптасады.

Осыған байланысты тұрғындарға ашық ауада, әсіресе автожолдар мен басқа да ластану көздерінің жанында болу уақытын қысқарту ұсынылады.

Өкпе, жүрек-қантамыр жүйесінің созылмалы аурулары бар және аллергиясы бар адамдарға сыртқа шыққанда өзімен бірге қажетті дәрі-дәрмектерді алып жүруге кеңес беріледі.

Айта кетейік, осыған дейін Астана қаласында маса, шіркей және басқа да жәндіктерге қарсы ауқымды дезинсекциялық жұмыстар басталғанын жазған едік. Астаналықтарға терезе ашпауға ұсыныс жасалған еді.

Сондай-ақ оқыңыз