Қазақстандық бітімгерлер Сирияда медициналық акция өткізді

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
Қазақстандық бітімгерлер Сирияда медициналық акция өткізді / Фото: Қорғаныс министрлігі

Қазақстандық бітімгерлер Сирияда гуманитарлық медициналық акция өткізді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

БҰҰ-ның бөлінісуді бақылау жөніндегі миссиясына тартылған бітімгершілік контингентінің әскери қызметшілері Сирия Араб Қызыл ай қоғамының өкілдерімен бірлесіп, елдің оңтүстік-батысындағы Кунейтра провинциясының Трунжа елді мекенінде лагерь құрды.

Акция аясында бейбіт тұрғындарға білікті медициналық көмек көрсетілді. Балаларға, қарттарға және басқа да әлеуметтік осал топтарға ерекше көңіл бөлінді.

Әскери дәрігерлер тексерулер мен консультациялар жүргізіп, мұқтаж жандарды дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етті. Пациенттер арасында жиі кездесетін диагноздар ретінде ЖРВИ, тірек-қимыл аппаратының аурулары, артериялық гипертензия және қант диабеті тіркелді.

Қазақстандық бітімгерлер барлығы 93 адамды тексеруден өткізді.

Қорғаныс министрлігі бұл акция Қазақстанның гуманитарлық қызметінің бір бөлігі екенін және дағдарыс жағдайында зардап шеккен халыққа көмек көрсетуге бағытталғанын атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыз