Елена Рыбакина Мадридте олимпиада чемпионын жеңіп, келесі айналымға шықты

Мадридте өтіп жатқан беделді Mutua Madrid Open (WTA-1000) турнирінің үшінші айналымында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина (әлемдік рейтингте 2-орын) қытайлық тенисші Чжэн Циньвэньмен (36-орын) кездесті.
2 сағат 21 минутқа созылған кездесу тартысты өтті. Рыбакина басында есе жібергенімен, мінез көрсетіп, ойын тізгінін өз қолына алды:
Алғашқы сеттің бесінші геймінде Рыбакина өз добын (подача) беріп қойып, қарсыласына есе қайтара алмады. Нәтижесінде 4:6, Чжэн алға шықты. Екінші сетте қос теннисші брейктермен алмасып, ойын тең дәрежеде өрбіді. Алайда оныншы геймде Елена шешуші брейк жасап, таразы басын теңестірді. Шешуші сеттте қытайлық спортшының қателігін пайдаланған Рыбакина екі брейк жасап, екінші матчболдан жеңісті жұлып алды – 6:3.
Келесі қарсылас
Төртінші айналымда Елена Рыбакина Анастасия Потапова (56) мен Елена Остапенко (40) жұбының жеңімпазымен кездеседі.
2002 жылы негізі қаланған бұл турнир әлемдік теннистегі ең беделді жарыстардың бірі саналады. Жүлде қоры: ерлер мен әйелдер үшін бірдей – 9 675 895 доллар. Өткен жылы бұл турнирді Каспер Рууд пен Арина Соболенко алған еді.
Еске сала кетейік, Елена Рыбакина бұл Мадридтегі турнирдің алдында Штутгартта 90 млн теңге тұратын Porsche кабриолетін жеңіп алған еді.