Жанжалдан кейін қызметтен кеткен Серік Сәпиевтің орнына басқа басшы келді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Серік Сәпиев жанжалдан кейін өз еркімен қымзеттен кеткен / фото: shutterstock

Жанжалдан кейін қызметтен кеткен Серік Сәпиевтің орнына Нұркен Нұратов Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі хабарлады.

Ресми ақпаратқа сәйкес, өңірлік спорт басқармалары басшыларын тағайындау жөніндегі комиссия отырысы өткен. Жиында спорт басқармасы басшысы қызметіне ұсынылған кандидатуралар қаралды.

Нәтижесінде Алматы облысының олимпиадалық резерв даярлау орталығының басшысы Нұркен Нұратовтың кандидатурасы мақұлданды.

Айта кетейік, кандидаттарды жергілікті атқарушы органдар ұсынады.

Сәпиев төңірегінде дау

2026 жылдың 3 ақпанында Серік Сәпиев Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы қызметінен босатылды.

Оған дейін бокстан Олимпиада чемпионы орынбасары болған Дәурен Есімханов ұрып-соқты деген ақпарат тараған.

Сол даудан кейін екеуі де өз еркімен қызметтен кетті.

Сәпиев бірден Қазақстан бокс федерациясы Президентінің боксты дамыту жөніндегі кеңесшісі қызметіне тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыз