Солтүстікте 13 көл кәсіпкерлерге берілмек

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
фото: visit.sko
фото: visit.sko

Солтүстік Қазақстан облысында 13 су айдынын балық шаруашылығын жүргізу үшін бекітуге конкурс жарияланды.

Петропавл.news хабарлауынша, көлдерді кәсіпкерлерге 10 жыл мерзімге пайдалануға беру жоспарланып отыр. Мұны Есіл өңіраралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы жария еткен.

Конкурс 5 мамыр күні сағат 10:00-де e-qazyna электрондық платформасында өтеді. Қатысушылар өтінімдерді электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы онлайн түрде тапсыруы қажет.

Қандай көлдер ұсынылды

Тізімге облыстың бірнеше ауданындағы су айдындары енгізілген:

Қызылжар ауданы:
– Исаково көлі — 33,6 га;
– Каменное көлі — 164,6 га.

Айыртау ауданы:
– Арықбалық тоғаны — 25 га;
– Логовое көлі — 80 га.

Жамбыл ауданы:
– Щитово көлі — 163 га;
– Башенное көлі — 100 га;
– Песчаное (Преснодуть) көлі — 38,83 га;
– Зотово көлі — 100 га;
– Питное (Новорыбинка) көлі — 88,5 га.

Мағжан Жұмабаев ауданы:
– Сарыбалық көлі — 168,9 га;
– Солёное көлі — 970 га.

Мамлют ауданы:
– Худиково көлі — 114,92 га;
– Каменное көлі — 110,1 га.

Барлық жағдайда көл-тауарлы балық шаруашылығын жүргізу қарастырылған.

Қалай қатысуға болады

Қатысу үшін e-qazyna порталында тіркеліп, белгіленген үлгі бойынша өтінім беру қажет және оны ЭЦҚ арқылы растау керек.

Жеке тұлғалар ЖСН, толық аты-жөнін және байланыс деректерін көрсетуі тиіс. Заңды тұлғалар — БСН, ұйым атауын, басшы туралы мәліметтерді, шот деректемелерін және байланыс ақпаратын ұсынады.

Кепілдік жарна – 100 айлық есептік көрсеткіш.

Конкурс Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 22 қыркүйектегі №313 бұйрығымен бекітілген қағидаларға сәйкес өткізіледі.

Мұның алдында Кіші Талдыкөлдің тағдырына алаңдаулы белсенділер әкімдікті сотқа берген еді.

Сондай-ақ оқыңыз